Алматы, 2025 жылғы 12 наурыз: QS Quacquarelli Symonds, әлемдік жоғары білім аналитикалық агенттігі, әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингісінің 15-ші басылымын жариялады – «QS World University Rankings by Subject».
Пәндік рейтингтер 101 ел мен аймақтағы 1 756 университеттің 21 000-нан (жиырма бір мың) астам білім беру бағдарламаларын салыстырмалы түрде талдайды, 55 пән және 5 кең ауқымды пәндік санатты қамтиды, жалпы алғанда 5 663 жоғары және магистратура ұйымдары қарастырылған.
![]() |
![]() |
2025 жылғы рейтингілік циклде «QS World University Rankings by Subject | 2025: LINGUISTICS» пәндік рейтингісінде университет «301-350» аралығында орын алды.
Сонымен қатар, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ «QS World University Rankings by Subject | 2025: MODERN LANGUAGES» пәндік рейтингінде өз көрсеткіштерін жақсартып, «251-300» аралығында орынға ие болды.