2025 жылғы 7 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Жаһандық көшбасшылар мен қозғаушы күштер: әлем тарихындағы Орталық Азияның көшпелілері мен саудагерлері» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті Ұлыбританияның Кембридж университетіндегі Иса және Вулфсон колледждері мен ғылыми-зерттеу желілерінің өкілі, Орталық Азия бойынша Кембридж форумының ғылыми қызметкері Праджакти Калра ханым оқыды.
Іс-шара Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен көпжылдық ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды. Дәріске университеттің оқытушылары, магистранттары, докторанттары және студенттері қатысып, белсенді қызығушылық танытты.