2025 жылдың 10-11 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасы ғалымдары күніне арналған «Ұрпақтар диалогы және жаңа белестер» атты жас ғалымдар мен мамандардың ХI республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – жас ғалымдардың білім беру және ғылыми ізденісіндегі өзекті мәселелер ауқымын жалпылау, тәжірибе алмасу және жаңа идеялар тудыратын алаң құру.
Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары ҚазХҚжӘТУ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық кешендері мен ғылыми-зерттеу инновациялық қолданбалы зертханаларының тақырыптарына қатысты.
Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары:
- Шетел тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.
- Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі тіл білімінің, әдебиеттану мен аударматанудың өзекті мәселелері.
- Шығыстану және өлкетанудың өзекті мәселелері. Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихының өзекті мәселелері. Жаһандық және аймақтық өлшемдегі қазіргі халықаралық қатынастар.
- Халықаралық ынтымақтастықтың қазіргі тенденциялары: экономикалық және құқықтық аспектілері.
- Жаһандану жағдайындағы туризм және қонақжайлылық индустриясының дамуының теориясы мен тәжірибесінің өзекті аспектілері. Жаңа экономикалық және геосаяси жағдайларда бұқаралық коммуникация және PR.
- Білім берудегі заманауи үрдістер: жасанды интеллект, есептеу лингвистика және қашықтықтан оқыту.
Конференцияға отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылымның түрлі салаларындағы зерттеушілер, докторанттар, магистранттар мен студенттер белсенді қатысты.
Пленарлық отырыста Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессорлары: п.ғ.д., профессор Байсултанова Қ.Ч., п.ғ.д., профессор Джусубалиева Д.М., п.ғ.к., доцент Танкибаева М.Х., PhD докторы Қасымбекова М.А, қауымдастырылған профессор Сексенбаева С.М., және де Қазақ спорт және туризм академиясының PhD докторы Орынбаева У.К. баяндама жасады. Конференцияға жас ғалымдар – магистранттар мен докторанттар да қатысты.
Баяндамалар тақырыптарының тартымды және өзекті болғаны сонша, тыңдаушылар конференция бойы ғылыми пікірталастарға толықтай еніп кетті.
Түскі үзілістен кейін конференция 6 секция бойынша жалғасын тапты.
Қазақстан Республикасы ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ұрпақтар диалогы және жаңа белестер» атты жас ғалымдар мен мамандардың ХІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы университет оқытушылары мен жас ғалымдардың білім және тәжірибе алмасуының маңызды алаңына айналды. Конференцияға қатысушылар жемісті ынтымақтастықтың жалғасын табуына және қоғамымыздың жарқын және тұрақты болашаққа қадам басуына мүмкіндік беретін осындай іс-шаралардың алдағы уақытта да өткізілетініне сенім білдірді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Басқармасы.