Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университеті теориялық жəне қолданбалы тіл білімі кафедрасы 2025 жылғы 11 сəуірде Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне жəне филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның орыс тілі мен əдебиеті мұғалімдері қауымдастығының (ҚазОТмƏМҚ) негізін қалаушы Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменованың мерейтойына арналған «Қазақстандағы тілдік білім берудің лингводидактикалық мəселелері: ғалымның шығармашылық зертханасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің модераторы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, оқу ісі жөніндегі проректор Төлебике Əлімжанқызы Кульгильдинова.
Дөңгелек үстел жұмысының тақырыптық бағыттары: 1 Лингвистикалық контрастивті талдаудың теориялық жəне қолданбалы аспектілері 2 Жалпы тілтану жəне социолингвистиканың өзекті мəселелері 3 Қазақстандағы лексикография мəселелері 4 Тіл оқытудағы заманауи концепциялардың дəстүрі мен жаңашылдығы 5. Мəдениетаралық коммуникация аясындағы аударма мəселелері 6 Қазақстандық оқыту əдебиетінің тренді 7. Э.Д.Сүлейменованың ғылыми мектебі – кадрлар ұстаханасы
Дөңгелек үстелде шетелдік елдерден (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан) жəне республикалық жоғары оқу орындарынан келген ғалымдар баяндама жасады: – Карасик В. И. – филология ғылымдарының докторы, А. С. Пушкин атындағы Ресей мемлекеттік орыс тілі институтының профессоры, (Мəскеу, Ресей Федерациясы); – Дүйсабаева Ділбар – Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, (Шыршық, Өзбекстан Республикасы); – Бейсембаев А. Р. – филология ғылымдарының докторы, профессор, Еуразиялық инновациялық университет, (Павлодар, Қазақстан Республикасы); – Шашкина Г. З. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, (Астана, Қазақстан Республикасы); – Маликова Ж. Д. – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Astana IT University жалпы білім беру пəндері департаменті; – Ахатова Б. А. – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор; – Кабдолова Қ. Л., Қонақова К. У., Мурзалина Б. К. – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің теориялық жəне қолданбалы тіл білімі кафедрасының профессорлары; – Зияева С. А. – педагогика ғылымдарының докторы, Өзбек мемлекеттік əлем тілдері университетінің неміс тілінің практикалық пəндері кафедрасының профессоры; – Камалова М. Н. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің доценті, (Өзбекстан Республикасы); – Төлеубаева А. О. – PhD, доцент міндетін атқарушы, Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Нөкіс, Қарақалпақстан Республикасы).