2025 жылдың 10 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма және шетел филологиясы факультетінде доцент Сапарбаева А.М. және доцент Ибадильдина З.К. жетекшілігімен академик Е.А. Букетовтың 100 жылдығына арналған «Сөз шеберінің кәсіби шеберлігі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға «Мәдениет аудармашысы» ғылыми үйірмесінің студенттері қатысты. Студенттер «Академик Букетов Е.А.-ның аударматану саласына қосқан үлесі» тақырыбында баяндама жасады.
Евней Арыстанұлы Букетов — 200-ден астам ғылыми еңбектің, тоғыз монографияның, 90-ға жуық өнертабыстың авторы, Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры және негізін қалаушысы, Қазақстанның химия-металлургия ғылымының ірі тұлғасы. Химик-металлург, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Е.А. Букетовтың жан-жақты таланты мен энциклопедиялық білімі және әртүрлі салалардағы ерен еңбегі Қазақстанның рухани және аударматану әлеуетіне елеулі үлес қосты.