2025 жылы 16 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыстану факультеті Шығыс филологиясы кафедрасы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты бірлесіп ұйымдастырған «Шығыс тілдеріндегі деректердің түркологиялық зерттеулердегі маңызы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары мен ғылыми зерттеу институтының ғалымдары арасындағы әріптестік байланысты нығайту, шығыс тілдеріндегі деректердің түркология ғылымындағы орны мен маңызы туралы пікір алмасу, зерттеулер нәтижелерін талқылау және жаңа идеялармен бөлісу.
Дөңгелек үстелге Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, п.ғ.д., профессор Кульгильдинова Т.А., Шетел тілдер педагогикалық факультетінің деканы, филол.ғ.д., профессор Айбарша Ислам, Шығыстану факультетінің деканы, с.ғ.к., профессор Кагазбаева Э.М., А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директорының орынбасары, филол.ғ.д., профессор Күдеринова Қ.Б., Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директорының орынбасары, экон.ғ.д., профессор Дүйсен Ғ.М., Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті қауымд.проф., филол.ғ.к. Үдербаев А.Ж., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.д. Мұқаметқанұлы Н., Мимар Синан университетінің профессоры Абдууақап Қара (Түркия), МИНЗУ унивеститетінің профессоры Жаң Диңжин (Қытай), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогогикалық университеттің профессоры Қастер Сарқытқанұлы және т.б. отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Іс-шара нәтижесінде ғылыми әріптестік байланыстар нығайтылып, жаңа бағыттар мен идеялар ұсынылды.