2025 жылғы 24–25 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «6В02301 – Аударма ісі (шығыс тілдері)» (корей тілі) білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада Дәлiз Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Аталмыш байқауға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарының «Аударма ісі (шығыс тілдері)» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2–4 курс студенттері қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең – оқу орындарында, ал екінші кезең – аталған бағыт бойынша базалық жоғары оқу орны болып табылатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оффлайн форматта өтті.
Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері бұл байқауда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
- 1-орын – Рыскулова Вилора, 4 курс, 410 топ
- 2-орын – Жүнүс Әсия, 4 курс, 408 топ
- 3-орын – Бағдат Аружан, 4 курс, 409 топ
Сондай-ақ, төмендегі студенттер ынталандыру сыйлықтарына ие болды:
- Қажымұқан Аида, 3 курс, 309 топ
- Алиева Наргиз, 3 курс, 309 топ
- Кәрім Жансая, 3 курс, 309 топ
Барлық қатысушылар мен оларды дайындаған оқытушыларға зор алғыс білдіреміз! Университетіміздің абыройын асқақтатып, республикалық деңгейде лайықты нәтижеге қол жеткізгендеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!