2025 жылдың 06 мамырында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті Шығыстану кафедрасының ұйымдастыруымен «Шығыс Азиядағы қауіпсіздік және даму: үрдістер мен перспективалар» атты аралас форматта (оффлайн/онлайн) халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара мақсаттары - Шығыс Азиядағы қазіргі қауіпсіздік мәселелерін талқылау; Шығыс Азияның дамуына әсер ететін экономикалық және технологиялық үрдістерді қарастыру.
Дөңгелек үстелді университеттің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, профессор Кульгильдинова Т.А. ашты. Жиынды модератор ретінде Шығыстану факультетінің деканы, профессор Кагазбаева Э.М. жүргізді. Дөңгелек үстелге Астана қаласынан отандық ғалымдар, ҚР ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, Шығыстану факультетінің магистранттары мен студенттері де қатысты. Оқытушылар, магистранттар және студенттердің дөңгелек үстелге қатысуы оқытушылар мен білім алушылар арасындағы сабақтастықты арттырады.
Ресей, ҚХР, Өзбекстан секілді алыс-жақын елдерден т.ғ.д., проф. Наземцева Е.Н., доктор PhD Алимова Л.А., доктор PhD Ханан Тамик секілді т.б. шетелдік ғалымдар қатысып, баяндама жасады.
Сонымен қатар, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтынан э.ғ.д. Дүйсен Ғ.М., профессор Байдаров Е.Ұ., т.ғ.к. Ужкенов Е.М., Тұран университетінен Саятбек С.С., Нуров М.М. т.б. ғалымдар Шығыс Азия мен Орталық Азия елдерінің, әсіресе экономикалық ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі аясында өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстел барысында Шығыстану кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент Ж.О. Есеркепова, т.ғ.к. Омарова М.А., О Сангхо, Уралбаев С.С., Бугытаева С.К. Шығыс Азия аймағындағы қазіргі қауіпсіздік мәселелері мен ынтымақтастық перспективалары бойынша талқылап, баяндамалар жасады. Осылайша, халықаралық дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, өз мәресіне жетті. Дөңгелек үстелдің нәтижелері мен талқылауларынан алынған негізгі қорытындыларды атап өтіп, қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары, аймақтың болашағына қатысты жаңа көзқарастар мен шешімдер ұсынылды.
Шығыстану кафедрасының меңгерушісі
т.ғ.к., доцент Ж.О. Есеркепова