2025 жылғы 14 мамырда Түркістан қаласында Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бірлесіп, Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының Консультативтік алаңы аясында «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, практикасы және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Конференция жұмысына ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары, ТМҰ хатшылығының өкілдері, түркі ұйымдары, түркітанушы ғалымдар, ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің өкілдері және ҚР ОСК жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері қатысты.
Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғалымдары конференция жұмысына белсене қатысты. Олар «Түркі мемлекеттерінің сайлау жүйелерін талдау: жетістіктері мен болашағы» атты сессия жұмысына арналған баяндамалар дайындады.
.png)






















