"6В04202 – Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының студенттері Б. Асылбеков, Н. Есенали, А. Имашева Халықаралық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р. У. Булекбаеваның жетекшілігімен 2025 жылғы 30-31 мамырда Ташкент мемлекеттік заң университетінде университеттер арасындағы заң дебаты бойынша Орталық Азия чемпионатының қолдауымен өткен Бірінші Халықаралық Жастар заң форумына сәтті қатысты. Форум қорытындысы бойынша біздің студенттер жоғары білім деңгейін көрсетіп, жеңіске жетіп, екі жоғары құрметті номинацияға ие болды: Командалық рух пен "жоғары этикалық жауапкершілігі бар заңгер"атағы үшін номинацияларвн иеленді.