Жыл сайын 4 маусымда елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні аталып өтеді. Бұл – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын маңызды тарихи күн.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітілді. Бұл рәміздер – мемлекетіміздің тәуелсіздігін, бірлігі мен болашағын бейнелейтін маңызды нышандар.
Мемлекеттік Ту — бейбітшілік пен ашық аспанды, елдің өркендеуге деген ұмтылысын білдіреді.
Мемлекеттік Елтаңба — шаңырақ бейнесі арқылы халқымыздың бірлігі мен тұтастығын паш етеді.
Мемлекеттік Әнұран — елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты оятады.
Мемлекеттік рәміздерді білу және құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының азаматтық борышы.
Осы айтулы күнге орай Ablai Khan University оқытушылары, қызметкерлері және студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындап, егемен еліміздің ұлттық құндылықтарына деген терең құрметін білдірді. Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанымыздың рәміздері әрқашан рухымыздың, бірлігіміздің және ұлттық мақтанышымыздың қайнар көзі болсын!
Идеология және қоғамдық даму
басқармасының бастығы
Г. Егенбаева