2025 жылдың 13–14 маусымында Қытай Халық Республикасындағы Солтүстік-Батыс политехникалық университетінде «Аймақтану аясындағы Орталық Азия» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шараның мақсаты – академиялық алмасу алаңын қалыптастыру, Қытай мен Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен ғалымдары арасындағы терең диалогты дамыту, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында тиімді ынтымақтастық жолдарын талқылау үшін зияткерлік күштерді біріктіру болды.
Пленарлық отырыс аясында Шығыстану факультетінің деканы, профессор Кагазбаева Э.М. «Орталық Азиядағы Қытайдың білім беру дипломатиясындағы жасанды интеллект: жұмсақ күш пен өңірлік ықпалдың құралы» атты баяндама жасады.
Секциялық отырыс барысында Шығыс тілдері аудармасы кафедрасының меңгерушісі, профессор Джельдыбаева Р.Б. «Қазіргі заманғы қытай тілін оқытудағы жаңа технологияларды зерттеу» тақырыбында баяндама ұсынды.