2025 жылдың 2 шілде айында ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Мәдениет пен құндылықтарды зерттеу бойынша Кеңесімен (АҚШ) және Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлемдік Тілдер Университетімен бірлесіп ұйымдастырылғалы отырған «Глобалдық коммуникация аясындағы Орталық Азия: шекарадан тыс құндылықтар» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция офлайн және онлайн форматта өткізілді.

Конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сарым Айдос Әміроллаұлы, сондай-ақ Қазақстан, АҚШ, Қытай, Италия, Үндістан, Азия, Еуропа және Америка құрлықтарындағы басқа да елдердің жетекші ғалымдары, зерттеушілері мен сарапшылары, оның ішінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ ФСжД институтының сарапшылары белсенді қатысты. Олардың қатысуы конференцияның негізгі тақырыптарын талқылауда көзқарастар мен академиялық дәстүрлердің кең ауқымын қамтамасыз етеді.

Аталған конференция «Қазақстандағы бұқаралық санаға ақпараттық-идеологиялық ықпалдар: тәуекелдер мен мүмкіндіктер» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында өтті. Іс-шара жаһандық өзгерістер аясында Орталық Азия кеңістігінде жүріп жатқан трансформациялық үдерістерді философиялық және саяси тұрғыдан талдауға арналған.

Конференцияның мақсаты – жаһандық коммуникация жағдайында Орталық Азия қоғамдары бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылауға арналған пәнаралық академиялық платформа құру, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін универсалды және аймақтық құндылықтықтар бағдарларын айқындау.
.png)






















