10 тамыз күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы ректордың міндетін атқарушы Кунанбаева Д.А. жетекшілігімен Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты.
Ауқымды гүл қою рәсімі қаладағы ең үлкен Абай ескерткіші орналасқан Республика сарайының алдында өтті. Мұнда «Отырар сазы» оркестрінің әуенімен Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік хорының әртістері қазақ ақынының шығармаларын орындады.


Біздің студенттер де Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрі С. Нұрбек бастамашы болған Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған челленджге белсене қатысты.
Студенттер Ұлы Абай шығармашылығы туралы білімдерін паш етті.
.png)






















