7 тамызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің (Ankara Social Sciences University, Түркия) делегациясымен кездесу өтті.

Кездесу барысында академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және халықаралық конференциялар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Түркиялық әріптестер өздерінің негізгі факультеттерімен таныстырды: заң факультеті, теология факультеті, саясаттану факультеті, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар факультеті, шетел тілдері факультеті және өнер мен дизайн факультеті.


Делегация құрамында:
- Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры, Түркия Жазушылар одағының төрағасы, профессор, доктор Муса Казым Арыжан;
- Анкара әлеуметтік ғылымдар университеті ректоры аппаратының жетекшісі Сердар Чалымлы;
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразия зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Суат Бейлур;
- Сол институттың ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов болды.
Бұл кездесу Қазақстан мен Түркия арасындағы академиялық әріптестікті нығайтып, ҚазХҚжӘТУ үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
.png)






















