2025 жылғы 29 тамызда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Қазақстанның конституциялық құрылымының соңғы отыз жылдағы дамуына терең құқықтық және ғылыми талдау жүргізу, қол жеткізілген нәтижелерге баға беру және болашаққа арналған өзекті міндеттерді айқындау.
Конференцияның міндеттері:
- Құқықтық мемлекетті нығайтудағы Конституцияның рөлін талқылау;
- Конституциялық заңнамадағы негізгі реформалар мен өзгерістерді сараптау;
- Шетелдік құқықтанушылар мен сарапшылармен тәжірибе алмасу;
- Конституциялық құқықтық тәртіпті жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту.

Шарада қатысушылар қатарына Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, заңгерлер, құқықтанушылар, ғылыми қызметкерлер; академиялық институттар мен зерттеу орталықтарының өкілдері; конституциялық және халықаралық құқық саласындағы сарапшылар.
Конференцияға халықаралық ұйымдар мен шетелдік құқықтанушылардың (АҚШ, Италия, Грекия, Әзербайжан, Грузия, Беларусь, Ресей, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және басқа да елдерден) онлайн қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ, ҚХА Алматы қаласы бойынша Жас ғалымдар кеңесі.

Құттықтау сөзбен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Майра Уәлиқызы Успанова, Алматы қаласы этномедиация кеңесінің қазіргі төрағасы Жақыпов Жанділда Әжіғалиұлы, Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Всеволод Анатолұлы Лукашев және басқалар сөз сөйледі.
Сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы – халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, ғылым кандидаты Омаров Мейрат Мұратұлы, сондай-ақ халықаралық құқық кафедрасының профессорлары – ғылым докторы Эдуард Болатұлы Мұхамеджанов пен ғылым кандидаты Нұрбол Сатыбалдыұлы Жетібаев сөз сөйледі. Конференцияның модераторы Абылай хан университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы ҚХА Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мұрад Фуриддинұлы Шамилов болды.
.png)






















