2025 жылдың 25–29 тамызы аралығында Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында орналасқан Чхунбук ұлттық университетінің кампусында корей тілін және мәдениетін шет елдерде оқыту ісімен айналысатын оқытушылар мен мамандарды бір арнаға тоғыстырған Global K-Culture воркшопы өтті.

Ауқымды шараны Чхунбук ұлттық университетінің Глобалды корей мәдениеті кафедрасы мен Гуманитарлық зерттеулер институты ұйымдастырып, Chungcheongbuk-do RISE (Аймақтық инновациялық жүйе және білім беру) бағдарламасы қолдады.

Воркшоп бағдарламасы корей мәдениетінің түрлі қырларына арналған мазмұнды академиялық дәрістерді, тәжірибелік сабақтар мен мәдени-ағартушылық мастер-класстарды, сондай-ақ көлемді K-Culture конференциясына қатысуды қамтыды. Шараның басты мақсаты – корей тілін және мәдениетін шет елдерде оқытатын шетелдік педагогтар мен кеңесшілердің академиялық және практикалық әлеуетін арттыру, сондай-ақ халықаралық ғылыми-академиялық ынтымақтастықты дамыту болды.

Аталған шараға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультетінің шығыс филологиясы кафедрасы мен шығыс тілдері аудармасы кафедрасының оқытушылары да қатысты. Университет атынан Хан Н. Ч., Курманбекова В. А., Ким С. К., сондай-ақ оқытушылар Аксаналиева Ж., Тоқтарбаева А., Жайлауова А. Т. және Слямгажиева Д. С. қатысты.
Біздің оқытушылардың осындай маңызды халықаралық іс-шараға қатысуы ғылыми және білім беру байланыстарын дамытуға қосқан елеулі үлес болып қана қоймай, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ мамандарының жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алынған білім мен тәжірибе алдағы уақытта оқу үдерісін жетілдіруге, сондай-ақ университеттің корейтану және халықаралық академиялық ынтымақтастық саласындағы беделін нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
.png)






















