2025 жылғы 25 қыркүйекте «Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті» РММ өкілдерімен 2026 жылғы бітіруші курс студенттерінің кездесуі өтті.

Кездесу барысында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Бейсембинова Гульсим Арыновна Агенттіктің құрылымы мен функциялары, мемлекеттік қызметке кіру рәсімдері, конкурс талаптары мен түлектерге қойылатын негізгі құзыреттер туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі мансаптық мүмкіндіктер мен кәсіби өсу жолдарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Бейсембинова Гульсим Арыновна студенттерді «e-Qyzmet» электрондық жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстырды. Аталған бірыңғай онлайн-платформа бос мемлекеттік лауазымдарға тәулік бойы, яғни 24/7 форматында конкурсқа қатысуға жағдай жасайды. Жүйе конкурстық рәсімдердің барынша ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етіп қана қоймай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, «e-Qyzmet» арқылы үміткерлер өз құжаттарының мәртебесін бақылап, конкурстық кезеңдердің нәтижелерімен онлайн таныса алады. Бұл цифрлық шешім мемлекеттік қызметке кіру үдерісін барынша қолжетімді, тиімді және заманауи талаптарға сай етуге бағытталған.

Кездесу соңында студенттер белсенділік танытып, мемлекеттік қызметке қабылдау шарттары, тәжірибесі жоқ түлектердің конкурсқа қатысу мүмкіндіктері және ротация тәртібі жөнінде сұрақтар қойды. Департамент өкілі толық жауап беріп, барлық конкурс рәсімдерінің ашық әрі айқын өтетінін атап өтті.
Іс-шара жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беруде маңызды рөл атқарды.
.png)






















