2025 жылғы 24 қыркүйекте Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессор-оқытушылар құрамы «Өмір – ең жақсы құндылық» жобасы аясында ұйымдастырылған «Суицидтің алдын алу», «Жаман әдеттердің алдын алу», «ЖЖБИ сырқаттанушылығының алдын алу», «Жыныстық тәрбие» тақырыбындағы семинарларға қатысты. Іс-шара Алмалы ауданының комьюнити-орталығында өтті.

Университет атынан келесі оқытушылар қатысты:
– Ашимова Зарина (Аударма және филология факультеті),
– Асаналиева Аружан (Шетел тілдері педагогикалық факультеті),
– Амина Қайратқызы (Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті),
– Сламгажиева Диана (Шығыстану факультеті),
– Балпанов Нурлан (Менеджмент және халықаралық коммуникация факультеті).

Семинар барысында суицидтің алдын алу, зиянды әдеттердің алдын алу, жыныстық жолмен берілетін аурулардың (ЖЖБИ) алдын алу, сондай-ақ жыныстық тәрбие мәселелері жан-жақты талқыланды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
.png)






















