2025 жылғы 1 қазанда студенттердің Beibarys Consulting компаниясының өкілі — Тасболатова Ботагөз Елжановнамен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы Түркияда тәжірибені ұйымдастыру және өту мәселелеріне арналды.

Кездесу барысында студенттер шетелдік тәжірибенің форматы мен мазмұны, үміткерлерге қойылатын талаптар, жаңа мәдени ортаға бейімделу ерекшеліктері, сондай-ақ халықаралық тағылымдамалардың кәсіби даму үшін ашатын мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.

Іс-шараның ерекше бөлігі — өткен жылы Түркияда тәжірибеден өткен студенттерімізбен еркін әңгімелесу болды. Олар өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби және мәдени әсерлерін айтып, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Осындай іс-шаралар студенттердің ынтасын арттыруға, олардың халықаралық мүмкіндіктер туралы түсінігін кеңейтуге және академиялық мобильділік пен шетелдік тәжірибеге қатысуға саналы түрде таңдау жасауына ықпал етеді.
.png)






















