2025 жылдың қазан айының 21 жұлдызында Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде шақыртылған лектор Ұлыбританияның Сассекс Университетінің (Sussex University) профессоры Саймон Томпсон жоғарғы оқу орынан кейінгі білім беру бөлімінде оқытушы құрам мен «7М01711 – Шет тілі педагогтарын дайындау; «7М02311 – Аударма ісі»;«7М02313 – Шетел филологиясы»; «8D01721 – Шет тілі педагогтарын дайындау»; «8D02321 – Аударма ісі»; «8D02322 – Шетел филологиясы» білім бағдарламалары магистранттары мен докторанттарымен кездесу өткізді. Кездесу аясында профессор Саймон Томпсон «Does differentiation mean different? How can adaptive and inclusive pedagogies promote stretch, challenge and support for all our learners?» атты тақырыпта арнайы дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты – тілдік білім беру саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу, сараланған оқыту мен сапалық зерттеу әдістемесінің заманауи тәсілдерін талқылау, білім беру саласындағы тиімді әдістемелерді таныстыру, сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың академиялық ұтқырлығы мен кәсіби құзыреттерін дамыту. Дәріс соңында магистранттар мен докторанттар зерттеу тақырыптары аясында сұрақтар қойып ұтымды жауаптар алды.

Кездесудің екінші бөлімінде профессор Саймон Томпсон стратегиялық даму бойынша проректор Кунанбаева Дана Анварбековнамен, халықаралық істер жөніндегі проректор Жылтырова Жанар Текесбайқызымен, жоғарғы оқу орынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Ахметова Мадениет Кадесовнамен кездесіп екі университет арасындағы болашақта бірлесіп атқаратын академиялық ұтқырлық бойынша іс-шаралар жөнінде сөйлесіп, пікір алмасты.
Профессор Саймон Томпсонмен кездесу Аударма және Филология факультетінің аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры, философия докторы (PhD) Асанова Гүлнар Сайрамбекқызының шақыртуымен ұйымдастырылды. Университетіміздің профессоры Асанова Г.С. Ұлыбританияның Сассекс университетінде (Sussex University) 2024 жылдың 1 қыркүйегінен 2025 жылдың 31 мамырына дейін «Болашақ» халықаралық бағдарламасының («500 ғалым» ғылыми тағлымдама) аясында ғылыми тағлымдамадан өткен еді.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі
.png)






















