IULM университеті (Италия, Милан) делегациясының ресми сапары

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Università IULM делегациясы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне ресми сапармен келді.
Università IULM - ҚазХҚжәнеӘТУ-дің көпжылдық сенімді серіктесі.

Делегация құрамында:

  • Лаура Гариболди (Laura Gariboldi) - студенттермен жұмыс және ішкі коммуникациялар офисінің жетекшісі;
  • Альберто Паравичини (Alberto Parravicini) - халықаралық офис жетекшісі.

Сапар барысында делегация университеттің Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – Ректоры Дана Ануварбековна Кунанбаевамен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, соның ішінде қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыруды талқылады. Бұл екі университет арасындағы халықаралық әріптестікті нығайтудың жаңа кезеңі болмақ.

Сондай-ақ италиялық университет өкілдері «Журналистика», «Туризм», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында IULM университетінде оқу мүмкіндіктері туралы айтып, серіктестік байланыстарды одан әрі дамыту жөнінде ойларымен алмасты.
Екі жоғары оқу орны арасындағы әріптестік үш жылдан астам уақыт табысты дамып келеді: студенттер мен оқытушылар академиялық ұтқырлық және тәжірибе алмасу бағдарламаларына белсенді қатысуда.

Печать