29-30 қазан аралығында «Алатау» шығармашылық хабында ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енгізілген материалдық емес мәдени мұраны (МБМ) насихаттау бойынша семинар өтуде. Оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан қоғамдық даму қоғамдық институты ұйымдастырып отыр. Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы – Б.Н. Жүзтаева, Ж.С. Мақашева, М.Ю. Насырова, А.И. Досжанова, басқарма басшысы В.А. Ізтаевамен оған қатысуда.


Іс-шара дәрістер, кейс-стадилер, практикумдар және диалогтардан тұрады және университеттердің білім беру қызметінде мәдени дәстүрлерді сақтау мен насихаттаудың тиімді тәсілдерін ұсынуға бағытталған.
Семинарға қатысу университетіміз үшін мәдени мұра саласындағы білім беру және ақпараттық-түсіндіру бастамаларын дамытудағы маңызды қадам болды.
Мұғалімдер үшін бұл оқушылармен жұмыстың жаңа формаларын енгізу мүмкіндігі болса, ал студенттер үшін қазіргі әлемдегі мәдениеттің рөлі туралы түсініктерін кеңейту және материалдық емес құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын мойындау мүмкіндігі.
.png)






















