2025 жылдың 31 қазанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің №1 оқу ғимаратының 108- ғылыми кеңес залында қазақ филологиясы кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының (қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымд. проф. Аққожина Б.Қ., ф.ғ.д., проф.Есеналиева Ж.Ж., ф.ғ.к., ассоц. проф. Нұрмышева Ш.А., ф.ғ.к., доцент Ж.Қ.Дәркенбаева, п.ғ.к., ассоц. профессор Ермағамбетова Л.Н., п.ғ.м., аға оқытушы Тұңғатова Ғ.Ж., п.ғ.м., аға оқытушы Хамимульдинова Л.Ж. ұйымдастыруымен қазақ тіл білімін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрағұл Қоңырұлы Қоңыровтың 90 жылдық мерейтойына орай «Когнитивтік лингвистикадағы теңеу концептісі: ұлттық дүниетаным және тіл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Конференцияны Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры – ҚР ҰҒА академигі С.С. Құнанбаеваның алғысөзімен университетіміздің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры, п.ғ.д., профессор Т.Ә. Кульгильдинова ашты.
Конференция жұмысы Тұрағұл Қоңырұлының өнегелі өмірі мен ғылыми жолы жөнінде баяндаған филология ғылымдарының докторы, профессорлар З.Ш. Ерназарова; Ж.А. Манкеева; Ж.Ж. Есеналиева және өзге де ғалымдардың келелі ойларымен толықты. Сонымен қатар Түркияның Омер Халисдемир университетінің профессоры Недим Бақыршының ғалымға арнап жазылған «Теңеулер табиғатының білгірі», АҚШ-тың Калифорния штатынан жолданған PhD доктор Ж. Саметованың зерттеу мақаласы конференцияның маңызын аша түсті. Әке жолын жалғастырған қызы ф.ғ.к., доцент А.Қ.Қоңырова әкесі жайлы тебірене еске алып, ғалымның ұрпақтары Түркия, Ялова университетінің білімгерлері А.Н.Жұмабекова мен Қ.Н. Ниязбектің жасаған баяндамалары теңеу табиғатын жаңа қырынан ашқандай болды.

Тұрағұл Қоңырұлының туған жері Абай облысы, Мақаншы ауданы, Ақшоқы ауылындағы Т. Қоңыров атындағы мектептің директоры Г.Д. Кабдолдина мен педагог-зерттеуші Ш.К. Майгаранова ғалымның нұсқалы ғұмырынан сыр шертті.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры, з.ғ.м. Б.А.Жұматаева мен Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының мұрағатшысы Э.Б.Алиаскарова Тұрағұл Қоңыровтың ғылыми мұрасы негізінде жинақталған тың деректерді көпшілікке таныстырды.
Ғалымның бірге қызмет еткен замандастары мен шәкірттері э.ғ.д., профессор М.Д.Есқалиев, ф.ғ.д., профессорлар Қ.Т.Рысалды, Д.С.Раев, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры ф.ғ.д.. Т.Аяпова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен ф.ғ.д., профессор Г.Н. Смагулова және ф.ғ.к., доцент, Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Бүркітбай ғалым туралы естеліктерімен бөлісті.
Конференция өз жұмысын төмендегідей негізгі тақырыптық бағыттарда өрбітті:
- Когнитивтік лингвистика және тіл үйретудің заманауи парадигмалары
- Мәдениетаралық коммуникация және лингвомәдениеттану контекстіндегі заманауи мәселелер
- Корпустық лингвистика және тілдерді оқыту мәселелері
- Жасанды интеллект және қазақ тіл білімінің жаңа даму бағыттары
- Жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылықтар
Конференцияға қатысу оффлайн, онлайн түрде жүзеге асырылды.
.png)






















