Халықаралық байқау - «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2025»

2025 ж. 25 қазанда Астана қаласында «Білім өркениеті» Ұлттық ғылыми-инновациялық және республикалық «Жаңа Қазақстан» инновациялық зерттеу орталықтарының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының үздік студенті-2025» халықаралық байқауы өтті.  Бұл халықаралық байқауға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің «Шығыстану» БбБ 4 курс студенті Асқарбаева Аружан Азаматқызы қатысқан болатын. Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О.

Бұл байқау түркі халықтары арасындағы рухани сабақтастықты нығайтып, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны дәріптеуге және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жас тұлғалардың дамуына серпін беру мақсатында ұйымдастырылған.

Нәтижесінде Асқарбаева Аружан І дәрежелі дипломмен және медальдармен марапатталып, жетістіктері жинақта жарияланды. Университетіміз бен факультетіміздің мәртебесін асқақтатқан студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать