Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттері 2025 жылдың 31 қазанында Алматы қаласында өткен «Еркін қоғамдар үшін еркін интернет: идеялар мен шешімдер» тақырыбындағы InternetCA-2025 XVI Орталық Азия интернет-форумына қатысты. Іс-шараны MediaNet халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырды.

Форум бағдарламасында еркін интернетті реттеу, пікір білдіру және сөз бостандығының цифрлық дәуірдегі орны, үгіт-насихат пен дезинформацияға қарсы іс-қимыл, киберхарассментпен күрес, сондай-ақ климаттық деректердің цифрлық ашықтығы мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша панельдік пікірталастар өтті. Сонымен қатар, бір мезгілде тақырыптық воркшоптар ұйымдастырылды: жеке брендті ілгерілету, онлайн форматта журналистік зерттеулер жүргізу және медиа саласындағы міндеттерді шешу үшін жасанды интеллектіні пайдалану.
Студенттер талқылауларға белсене қатысып, Орталық Азия медиаиндустриясының жетекші мамандарымен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы ерекше тәжірибе жинады, практикалық білім алып, кәсіби байланыстарын кеңейтті. Форум қазіргі журналистика мен цифрлық коммуникациялар саласындағы озық шешімдер мен үздік тәжірибелермен алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.
.png)






















