2025 жылдың 6 қазанынан 2026 жылдың 16 ақпанына дейін Шет тілдері педагогикалық факультетінің студенттері Малайзияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі - National University Kebangsaan Malaysia (UKM) университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда.

29 қазан мен 3 қараша аралығында университет базасында Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (ASEAN) елдерінің өнері мен мәдениетінің, қоғамның бірлігін дәріптеуге арналған ASEAN Art Festival өтті. Әртүрлі елдерден келген қатысушылар өздерінің бірегей өнер туындыларын ұсынып, ұлттық дәстүрлер мен мәдени байлықты паш етті.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері бұл фестивальге белсене қатысып, Қазақстанды лайықты деңгейде таныстырды.
Асанова Жұлдыз (3 курс студенті) малай тілінде ән орындап, байқаудың екінші күнінде 500 MYR (шамамен 62 000 теңге) көлеміндегі жүлделі орынды иеленді.
Дарханқызы Інжу (2 курс студенті) мен Қаршыға Танханым (3 курс студенті) қазақтың ұлттық биін орындап, күміс медальға (2-орын) ие болды.
Сағынтаева Аруна (3 курс студенті) өнер көрсетуге дайындық барысында белсенділік танытып, еліміздің мәдени имиджін халықаралық деңгейде дәріптеуге үлес қосты.

Фестивальге арналған ұлттық костюмдер Малайзиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі тарапынан ұсынылды. Бұл студенттерге ұлттық болмысты және қазақ мәдениетінің әсемдігін айқын көрсетуге мүмкіндік берді.
Мұндай халықаралық мәдени іс-шараларға қатысу студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытып қана қоймай, мәдени диалогты нығайтуға және Қазақстанның халықаралық имиджін арттыруға зор үлес қосады. Сонымен қатар, бұл - Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің академиялық ұтқырлық пен білім беруді интернационалдандыру стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
.png)






















