«Өмір - ең жоғарғы құндылық» жобасы аясында, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Сана» қоғамдық қоры - Зияткер жастар мектебі 11 қараша күні Алматы қаласының жоғары оқу орындарының жастар ісі жөніндегі декан орынбасарларына арналған семинар өткізді. Семинар тақырыптары: «Суицидтің алдын алу», «Зиянды әдеттердің алдын алу», «Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу» және «Жыныстық тәрбие».

Семинардың мақсаты – факультет декандарының орынбасарларын жастардың психикалық және физикалық денсаулығына кері әсер ететін қауіп факторлары туралы ақпараттандыру, алдын алу шаралары бойынша теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ету, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және тәуекелдердің алдын алуда тиімді әдістер мен құралдарды қолдану бойынша қолдау көрсету.
Университет атынан қатысқан өкілдер:
- Тенизбаев Ерсаин Нурлубаевич – Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті;
- Жангарбаева Самал Габитовна – Шет тілдері педагогикалық факультеті;
- Зырянов Владислав Константинович – Аударма және филология факультеті;
- Есимова Маншук Сыйлыковна – Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті;
- Ершова Дарья Вальеревна – Шығыстану факультеті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
.png)






















