26 қараша күні университетіміздің Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінде «Жасанды интеллект және цифрлық экономика: бизнес, менеджмент және халықаралық коммуникациялар үшін жаңа көкжиектер» атты халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысын факультет деканы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жубанова М.Х. қатысушыларға арналған құттықтау сөзбен ашты.

Іс-шараға төрт кафедрадан 170-ке жуық студент қатысты. Пленарлық бөлімде бірқатар студент өз зерттеулерін ұсынды. Атап айтқанда, Зекенқызы Ақерке «Қазақстанның таулы өңірлеріндегі демалыстың инновациялық түрлері: «Көлсай көлдері» МҰТП мысалында», Кусанова Даяна «Қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету сапасын арттыруда жасанды интеллектті пайдалану», Колотов Александр «Қазақстандағы жасанды интеллекттің даму перспективалары», Сайтхуджа Томирис «Жасанды интеллект және журналистика: адам мен алгоритм серіктестігі» тақырыптары бойынша презентацияларын қорғады. Сонымен қатар Жаукебаева Аяулым, Кальменова Меруерт, Сабыр Нұрай және Ефимов Владимир жасанды интеллекттің маркетинг, туризм, қонақжайлылық және дата-журналистика салаларындағы зерттеулерін таныстырды.

Конференция жұмысы төрт секцияда жалғасты. Секцияларда жасанды интеллекттің кәсіби салаларға енгізілуі, цифрлық экономикадағы жаңа үрдістер, автоматтандыру, коммуникациялық технологиялар және бизнес-үдерістерді оңтайландыруға қатысты баяндамалар талқыланды. Үздік жұмыстар сертификаттармен марапатталды.

Конференция студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға және факультет кафедралары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
.png)






















