2025 жылғы 21–22 қараша күндері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 7-ші Корейтану апталығы сәтті өтті. Іс-шараны Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығының, Қазақстандағы Корея Республикасы Елшілігі жанындағы Білім беру орталығының, халықаралық Корей қорының және Корея Республикасы Корейтану академиясының қолдауымен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Корейтану орталығы ұйымдастырды.
7-ші Корейтану апталығының ашылу рәсімі университеттің Қызыл залында өтті, оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Грузия сияқты бес елдің 19 университетінен оқытушылар мен студенттер – барлығы130 адам қатысты. Биыл Корейтану апталығы аясында 2 ауқымды іс-шара өтті: 15-ші Орталық Азия кереятану олимпиадасы және ТМД елдерінің жас керейтанушыларының 10-шы конференциясы. Бұл іс-шаралар Орталық Азия мен Кавказ аймағының студенттерін біріктіріп, кең академиялық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етті.
Университет ректоры, академик Салима Сагиевна Қунанбаеваның атынан халықаралық қатынастар проректоры Жылтырова Жанар Текесбаевна сөз сөйлеп, Корейтанудың 7-ші апталығының қатысушыларына жылы лебізін жеткізді. Серіктес ұйымдардың ресми құттықтауларын олардың өкілдері жеткізді: вице-консул Ча Джисон Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулы мырза Ха Тэуктың құттықтау сөзін, ал ShynLine Group жобалар менеджері Ибраев Даулет ShynLine Kazakhstan компаниялар тобы президенті Шин Андрей Анатольевичтің үндеуін жеткізді. Іс-шара қатысушыларына құттықтау сөзін Орталық Азия кореетанушылары қауымдастығының вице-президенті, Назарбаев университетінің профессоры Ко Хоюн жолдады. Корея қорының Мәскеудегі өкілдігінің басшысы Ли Сомён ханым өз құттықтау сөзінде академиялық ынтымақтастықтың маңыздылығын және өңірдегі кореетану желісінің орнықты дамуын атап өтті. Құттықтау сөзін арнайы шақырылған лектор — Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті Шығыстану кафедрасының доценті Мария Васильевна Солдатова да сөз сөйлеп, жас керейтанушылар арасындағы ғылыми диалог пен тәжірибе алмасудың маңызды екенін атап көрсетті. Мұндай формат серіктес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың тұрақты қолдауы мен назарын айқындады.
Кореятану апталығының арнайы бағдарламасы аясында Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті Шығыстану кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты М.В. Солдатованың, «Shyn Line Kazakhstan» компаниялар тобының президенті Андрей Шиннің және Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулдығы өкілі Нам Чжэсонның қонақ дәрістері өтті. Бұл дәрістер Корейтану апталығының студент-қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.
Қарашаның 21-і II жартысынлда ТМД елдерінің жас керейтанушыларының 10-шы конференциясы басталды. Қатысушылар кереятанудың түрлі бағыттары бойынша — тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, экономика — жүргізген зерттеулерінің нәтижелерін таныстырды. Сол уақытта 15-ші Орталық Азия кереятану олимпиадасының жазбаша кезеңі өтті. Екінші күні олимпиаданың ауызша кезеңі ұйымдастырылып, қатысушылардың білімін қатаң кәсіби қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Алматы Білім орталығы директоры Ким Хонгхван мырза, KOTRA Алматы өкілдігінің басшысы Ким Чжонхун мырза, Shinhan Bank Kazakhstan менеджері Чон Бёнгю мырза және BLJ заң фирмасының адвокаты Ли Джэвук мырзадан тұрды.
Корейтанудың 7-ші апталығының жабылу рәсімінде қатысушы университеттер таныстырылып, 15-ші Орталық Азия керейтану олимпиадасының жеңімпаздары мен ТМД елдерінің жас кереятанушыларының 10-шы конференциясының үздік баяндамалары марапатталды.
Корейтану апталығы тек маңызды академиялық оқиға ғана емес, сонымен қатар ТМД елдеріндегі керейтану желісін дамытуға арналған стратегиялық алаңға айналды. Өткізілген іс-шаралар аймақта керейтану саласындағы білім мен зерттеулерді одан әрі кеңейтуге маңызды ынталандырушы рөл атқарады.
.png)






















