2025 жылғы 14 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы жыл үздіктерінің салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» бағдарламалық мақаласын ғылым саласының мамандары арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ғылым қайраткері» республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Аударма және филология факультеті, Синхронды аударма кафедрасының философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессоры Алдабергенова Айым Алдабергеновна марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша Алдабергенова Айым Алдабергеновна «Ғылым қайраткері» төсбелгісімен, төсбелгіні растайтын куәлікпен, статуэткамен және дипломмен марапатталды.

Республикалық байқау ғылым саласының дамуына үлес қосып, еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
.png)






















