Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жалғасова Шолпан Әбілқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Этнопедагогика білім беру жүйесінде: тәжірибе, мәселелер және перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның ашылуы қонақтарды салтанатты қарсы алумен басталды. Педагогика факультетінің, халықаралық қатынастар факультетінің, аударма және филология факультетінің студенттері мен магистранттары домбырада қазақ күйлерін орындап, іс-шараның мерекелік атмосферасын қалыптастырды.
Университет ректоры, академик Күнанбаева Сәлима Сағиевнаның атынан оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, профессор Кульгильдинова Тулебике Алимжанқызы құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараның ресми бөлігінде Жалғасова Шолпан Әбілқызына білім беру саласына қосқан көпжылдық еңбегі үшін «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Алтын медаль» және университет басшылығының арнайы сыйлығы табыс етілді.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның модераторы педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұзақбаева Сахыпжамал Асқарқызы болды. Ол өз баяндамасында Жалғасова Ш.А.-ның ғалым, профессор және жас ұрпақтың талантты тәлімгері ретінде қалыптасу жолына тоқталды.

Пленарлық отырысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Польша елдерінен келген ғалымдар online, offlein форматта қатысты:
- Жұмабаева Азия Елеупановна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастауыш оқыту кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);
- Қалдыбаева Айчурок Тоқтапулатовна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, И. Арабаев атындағы Қырғыз педагогикалық университеті (Бішкек қ., Қырғызстан);
- Бахтиярова Гүлшат Рахметжановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қ. Жұбанов атындағы университеттің мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының меңгерушісі (Ақтөбе қ., Қазақстан);
- Левандовска-Томашшик Барбара – PhD докторы, профессор, Қолданбалы ғылымдар университеті (Конин қ., Польша);
- Слямбекова Толқын Сламқұлқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика кафедрасы (Астана қ., Қазақстан);
- Куттибекова Гүлжан Төлепбайқызы – PhD докторы, педагогика доценті, Джизак мемлекеттік педагогикалық университеті (Джизак қ., Өзбекстан);
- Холбоева Гүлнора Анорбоевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, бастауыш оқыту педагогикасы кафедрасының меңгерушісі, Джизак мемлекеттік педагогикалық университеті (Джизак қ., Өзбекстан);
- Уразалиева Мөлдір Аббасқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
- Сарқанбаева Гүлжазира Қинаятқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан).
Мерейтой иесін студенттер атынан Жастар ісі комитетінің төрағасы Әбжамиев Айбек құттықтап, қазақтың музыкалық шығармаларынан попурри орындады.
Конференция жұмысына Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ мерейтой иесінің магистранттары мен докторанттары қатарынан келген құрметті қонақтар қатысты.
Конференция барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Жумабаева Азия Елеупанқызы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылықтарға баулуда мобильді білім беру ортасын құрудың маңызын атап өтті. Ғалым цифрландыру жағдайында этнопедагогикалық мазмұнды мобильді технологиялармен кіріктіру ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың тиімді құралы екенін негіздеді. Ал И.Арабаев атындағы Қырғыз педагогикалық университетінің профессоры Қалдыбаева Айчурок Тохтополотовна Қырғыз Республикасындағы этнопедагогиканың ғылым ретінде қалыптасуының методологиялық және теориялық негіздерін талдап, оның ұлттық білім беру жүйесіндегі ғылыми маңызын айқындады.

Өз кезегінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры Бахтиярова Гүлшат Рахметжанқызы «Ұлттық құндылықтар – этнопедагогикалық білім мен біліктілік негізі» тақырыбында баяндама жасап, болашақ педагогтердің кәсіби даярлығында ұлттық тәрбие мазмұнының жетекші рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Слямбекова Толқын Сламқұлқызы цифрландыру үдерісінің отбасы құндылықтарына әсеріне тоқталып, ұлттық және отбасылық тәрбиені сақтаудың өзектілігін көтерді.
Конференцияда эстетикалық және рухани тәрбие мәселелері де кеңінен талқыланды. Джизак мемлекеттік педагогикалық универсиеттінің доценті Куттибекова Гүлжан Төлепбайқызы арт-педагогикалық технологияларды қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін жетілдіру жолдарын ұсынса, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Уразалиева Мөлдір Аббасқызы халық музыкасының оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастырудағы тәрбиелік әлеуетін ғылыми тұрғыда негіздеді. Джизак мемлекеттік педагогикалық универсиеттінің доценті Холбоева Гүлнора Анорбоевна бастауыш білім беру үдерісін озық педагогикалық технологиялар негізінде ұйымдастыру мәселесіне тоқталды, ал Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Сарқанбаева Гүлжазира Қинаятқызы болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлауда этникалық құндылықтардың маңызын атап өтті.
Жалпы алғанда, халықаралық конференция этнопедагогиканы заманауи білім беру жүйесімен үйлестіру, ұлттық құндылықтарды сақтау және жаһандану жағдайында тұлғаның рухани дамуын қамтамасыз ету мәселелерін кешенді түрде талқылаған ғылыми алаң болды. Конференция жұмысы этнопедагогиканың теориялық және практикалық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ педагог кадрларды даярлаудың жаңа бағыттарын айқындауға зор үлес қосты.
.png)






















