2025 жылғы 3–12 желтоқсан аралығында университет делегациясының Италия Республикасының жетекші жоғары оқу орындарына ғылыми шетелдік іссапары өтті. Атап айтқанда, Неаполь университеті «L’Orientale» (Università degli Studi di Napoli «L’Orientale») және Кассино мен Оңтүстік Лацио университеті (Università degli Studi di Cassino e del Lazio Meridionale, UNICAS). Делегация құрамына проректор Серёжкина Т.В., философия ғылымдарының кандидаты; шығыстану кафедрасының профессоры, «AP23490344 "Казахстана Халықаралық қатынастардың экономизациялану үрдісі және жаңа Қазақстанның экономикалық дипломатияс"ы» ғылыми жобасының жетекшісі Байсултанова К.Ч.; зерттеу тобының мүшесі, PhD доктор Жакьянова А.М.; Халықаралық мобильдік қызметінің басшысы, PhD-докторант Әбдіғаппар Т.; зерттеу тобының мүшесі, PhD-докторант Ныгметова Б.М. енді.

Іссапардың негізгі мақсаты – Қазақстан–Италия академиялық және ғылыми ынтымақтастығын дамыту, ғылыми және білім беру іс-шараларына қатысу, тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру және зерттеу құзыреттерін дамыту, сондай-ақ қазақстандық және итальяндық ғалымдардың бірлескен жарияланымдық белсенділігін кеңейту болды.
Іссапар барысында университет қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып отырған итальяндық жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл ынтымақтастық студенттер мен оқытушылар үшін академиялық мобильдік, Еуропалық білім беру кеңістігінде оқу және тағылымдамадан өту, сондай-ақ білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін екі диплом алу мүмкіндіктерін ашады.

Италия университеттерімен серіктестік халықаралық білім беру стандарттарын оқу үдерісіне енгізуге, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға және халықаралық зерттеу ұжымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Бірлескен жұмыс беделді халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдық белсенділікті арттыруға, заманауи білім беру және зерттеу тәжірибелерімен алмасуға, сондай-ақ университеттің халықаралық академиялық беделін нығайтуға мүмкіндік береді.
Қос дипломды бағдарламаларды іске асыру және Италия университеттерімен ғылыми ынтымақтастықты дамыту университеттің интернационалдандыру стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады және білім беру сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетті күшейтуге, сондай-ақ жаһандық академиялық және кәсіби кеңістікте сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
.png)






















