2026 жылғы 20 қаңтарда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша жүзеге асырылып жатқан АР23490344 «Халықаралық қатынастардың экономизациялану үрдісі және жаңа Қазақстанның экономикалық дипломатиясы» ғылыми жобасы аясында теориялық-әдіснамалық семинар өтті. Семинар экономикалық дипломатияны және оның заманауи жағдайлардағы құралдарын зерттеудің теориялық-әдіснамалық тәсілдерін талқылауға арналды және ғылыми жобаны одан әрі іске асырудың әдіснамалық негізін қамтамасыз етуге бағытталды.

Семинар барысында жобаға қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Байсултанова К.Ч. «Классикалық теориялық тәсілдер және олардың әдіснамалық шектеулері» тақырыбында баяндама жасап, халықаралық қатынастардың дәстүрлі теориялары өзінің іргелі маңыздылығына қарамастан, қазіргі заманғы экономикалық дипломатияны талдауда шектеулі түсіндірмелік әлеуетке ие екенін атап өтті, бұл зерттеудің әдіснамалық құралдарын кеңейтудің қажеттілігін айқындайды. Шаймарданова З.Д. «Ғылыми жобаның әдіснамалық дизайны» тақырыбындағы баяндамасында сапалық және сандық талдау әдістерін үйлестіретін аралас зерттеу дизайнын таңдаудың негіздемесін ұсынып, оның халықаралық қатынастардың трансформациясы жағдайында экономикалық дипломатия құралдарының тиімділігін бағалаудағы қолданбалылығын көрсетті. Омаров М.М. «Орталық Азия елдерінің экономикалық дипломатия құралдары» тақырыбындағы баяндамасында өңір елдерінің экономикалық дипломатиясына тән мемлекеттік реттеу, өңірлік интеграция және нарықтық тетіктердің тоғысуынан қалыптасатын гибридті құралдардың ерекшеліктерін қарастырды. Жакьянова А.М. «Жоба аясындағы ғылыми еңбектердің сандық және сапалық талдауы» тақырыбында баяндама жасап, экономикалық дипломатияны зерттеудегі негізгі ғылыми жарияланымдарға шолу жасап, басым әдіснамалық тәсілдерді жүйеледі. Ныгметова Б.М. «Қазіргі халықаралық қатынастардағы экономикалық дипломатия құралдарын кейс-талдау» тақырыбындағы баяндамасында экономикалық дипломатия құралдарын қолданудың практикалық мысалдарын ұсынып, кейс-әдістің зерттеу шеңберіндегі мүмкіндіктерін көрсетті.

Семинар жұмысына ҒКМ, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты. Қатысушылар талқыланған мәселелерге жоғары қызығушылық танытып, белсенді ғылыми пікірталасқа, мазмұнды сұрақтар мен ой алмасуға қатысты. Семинар қорытындысы бойынша ұсынылған баяндамалардың өзектілігі, әдіснамалық негізділігі және ғылыми жобаны одан әрі іске асыру, сондай-ақ Жаңа Қазақстан контексіндегі экономикалық дипломатия саласындағы зерттеулерді дамыту үшін маңыздылығы атап өтілді.

.png)






















