2026 жылғы 28 қаңтарда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Аударма және филология факультетінде университетішілік жоба аясында «Цифрландыру дәуіріндегі әлемнің тілдегі бейнесі» тақырыбында пәнаралық дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шарада цифрлық технологиялардың біздің шындықты қабылдауымыз бен концептуализациялауымызға қалай әсер ететіні мәселесін талқылау үшін лингвистер, философтар, сондай-ақ қазақ және шетел тілдері саласының мамандары бас қосты.

Дөңгелек үстел жұмысына факультеттің студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары белсенді түрде қатысты.
Профессор Раев Д.С. қазіргі коммуникациядағы тілдің манипулятивтік ықпал ету тетіктерін ашып көрсеткен лингвохакинг тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

Мемлекеттік тіл дамыту институтының директоры, қазақ тілі маманы Қапалбек Б.С. түркі тілдері материалдары негізінде цифрландыру жағдайындағы әлем тілдегі бейнесінің трансформация ерекшеліктерін қарастырды.
Сексенбаева С.М. мен Тәжібаева Д.С. цифрлық дискурстағы метафоризация үдерістеріне арналған зерттеулерін ұсынды. Баяндамаларда жаңа технологиялардың эмоциялар мен әлеуметтік құбылыстарды түсіндіруге арналған жаңа метафоралық модельдерді қалай қалыптастыратыны көрсетілді.
Диаспоралық нарративтің тілдік репрезентация тәсілдерін зерттеуге арналған заманауи көзқарас докторант Әшімова З.А.-ның баяндамасында таныстырылды.

Пікірталас мазмұнды әрі қызу өтті. Қатысушылар әлеуметтік желілердің концептуалдық жүйелерге әсерін, эмоцияларды білдірудің жаңа тәсілдерінің пайда болуын, қазіргі коммуникациядағы мультимодалдылықтың рөлін талқылады. Цифрлық коммуникацияның кросс-мәдени аспектілеріне және жаһандық цифрлық кеңістікте ұлттық тілдік әлем бейнелерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел цифрлық дәуірдегі тілдік үдерістерді зерттеуде пәнаралық тәсілдің маңыздылығын көрсетті. Қатысушылар тілдік әлем бейнесінің трансформациясын кешенді зерттеу және цифрландырудың тіл мен ойлауға әсерін жан-жақты зерделеу үшін әртүрлі ғылым салалары мамандарының ынтымақтастығы қажет екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел материалдарын жариялау жоспарлануда.
.png)






















