10.03.2026 жылы сағат 11.00-де Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Коммуникативті технологиялар: тіл үйретудің теориясы мен тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті. Теориялық әрі практикалық дөңгелек үстел онлайн, оффлайн форматта болды.

Дөңгелек үстелді Қазақ филология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Қ. Аққожина ашты. Дөңгелек үстел өз жұмысын екі бағытта жүргізді. Теориялық бағыт бойынша Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, ф.ғ.д.,З.Ш. Ерназарова «Коммуникативті технология ұғымы және оның тілді оқытудағы орны» деген тақырыпта қазақ тілін оқытудағы дәстүрлі грамматикалық аударма әдісі мен коммуникакативті оқыту әдісінің ерекшеліктері, олардың оқыту үдерісіндегі орны мен тиімділігіне талдау жасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО дейінгі білім беру факультетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., Г.Ә. Мұсаева «Тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту» атты баяндамасында өзге тілді үйретудегі сөйлеу әрекетінің бірнеше әдіс- тәсілдері туралы ойын ортаға салды.
Phd докторант, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері (АҚШ, Оксфорд университеті, қазақ тілі пәнінің оқытушысы) Садық Дидар «Англофондардың қазақ тілін меңгеруіндегі фонетика-фонологиялық интерференция түрлері» деген баяндамасында шетелдіктерге қазақ тілін үйретудегі тәжірибесімен бөлісті.

Ал практикалық бағыт бойынша Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті профессоры, ф.ғ.д., Ж.Ж. Есеналиева «Екінші тілді оқытуда салғастырмалы әдісті қолдану» тақырыбында баяндама жасап, тілді үйретудегі салғастырмалы әдістің теориялық және лингвадидактикалық мәселелеріне тоқталды.
Қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Б.Ө. Ақыш «Диалогтік оқыту, рөлдік ойын, жағдаяттық тапсырмалар» тақырыбындағы баяндамасында диалогтік оқытудың түрлері, оларды сабақта қолданудың артықшылықтары мен пайдасы туралы сөз қозғады.
Қазақ филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., Ш.А.Нұрмышева «Бастауыш және орта буында коммуникативті әдістерді қолдану» атты баяндамасында шетелдіктерге сабақ берудің қыры мен сыры, студенттердің жетістіктері туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Баяндамалар соңында сұрақтар қойылып, талқыланды. Дөңгелек үстел өз мақсатында жетті.
.png)






















