2026 жылғы 13 наурызда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ШФ Шығыстану кафедрасында Санкт-Петербург политехникалық университетінің шығыстанушысы, т.ғ.к., профессор Анжелика Олеговна Победоносцеваның «XIX – XX ғасырдың басындағы Таяу Шығыстағы күрд халықтарының тарихы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында күрд халықтарының тарихына қатысты мәселелері қарастырылды. Күрдтердің аймақтың тарихи үдерістеріндегі орнына ерекше назар аударылуы шығыстану саласындағы зерттеулер үшін үлкен қызығушылық тудырады. Дәріс студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Шығыстанушы студенттер дәрісті зор ықыласпен тыңдап, тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құнды мәліметтер алды.
Дәріске ШФ деканы профессор Қағазбаева Э.М., Шығыстану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О., сондай-ақ Шамилов М.Ф., кафедраның профессор-оқытушылары Джанабекова Ф.К., Бактыбекова Б.Б., Малимова А.Е., Ершова Д.В. қатысты.

Осындай қонақ дәрістер студенттердің ғылыми таным көкжиегін кеңейтіп, шығыстану саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.
.png)






















