Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы университеттері ректорларының II форумы өтті. Ауқымды іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаевтың қатысуымен ұйымдастырылды.

Ведомство басшылары екі елдің білім беру жүйелерін интеграциялаудың және жоғары оқу орындары арасындағы диалогты кеңейтудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Форум жұмысына Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Басқарма Төрағасы – Ректордың м.а. – Кунанбаева Дана Ануварбековна белсенді қатысты.
Университетіміз үшін форумның басты практикалық нәтижесі — Әзербайжан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты ресми түрде бекіту болды. Екі елдің министрлерінің қатысуымен Ablai Khan University, Baku State University және Sumgait State University арасында серіктестік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Аталған келісімдер университеттің стратегиялық дамуы үшін келесі бағыттар бойынша жаңа мүмкіндіктер ашады:
- Академиялық ұтқырлық: студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін алмасу бағдарламаларын кеңейту;
- Білім берудегі инновациялар: академиялық бағдарламаларды жетілдіру бойынша бірлескен жұмыс;
- Ғылыми интеграция: бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру және озық тәжірибе алмасу;
- Кәсіби даярлық: халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлау.

Осындай маңызды мемлекетаралық алаң аясында меморандумдарға қол қойылуы Ablai Khan University-дің жоғары халықаралық мәртебесін және университеттің жаһандық білім беру серіктестігіне бейілділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
.png)






















