2026 жылдың 7 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Наурыз – жыл басы» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараны Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. С.С. Айтжанова, ф.ғ.к., доцент Ж.Қ. Дәркенбаева және п.ғ.м., аға оқытушы Л.Ж. Хамимульдинова ұйымдастырды.

Кешке Шығыстану факультетінің «Аударма ісі» және «Шетел филологиясы» мамандықтарының 1-курс студенттері қатысты. Сонымен қатар, студенттер алмасу бағдарламасы аясында білім алып жатқан Сиань университетінің 3-курс студенттері де белсенді атсалысты.
Іс-шараның мақсаты – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар және ұлттық тағамдар арқылы насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Мерекелік кешті университеттің Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аққожина Баян Қанатқызы құттықтау сөзімен ашты.
Кеш барысында шетелдік студенттер Li Ruier және Hui Zhao шашу шашып, мерекелік кештің ажарын аша түсті.
Кешті 1-курс студенттері Ташмұхамедов Шахмұрат пен Қадырбай Камилла жоғары деңгейде жүргізді. Дүйсен Назират пен Байғанин Элиза «Аластау» рәсімін орындаса, Тәңірберген Ақарыс Қыдыр ата бейнесін сомдап, көпшілікке бата берді.
Шетел филологиясы мамандығының студенттері Желлахунова Малика, Ермағамбет Малика, Ералықызы Әсер, Аленова Кәусар «Қамажай» биін билесе, Аударма ісі мамандығының студенттері Исраилова Ясмина, Изотова Любовь, Әбдіразақ Нұрсұлу «Шабыт» биін орындап, өнерлерін паш етті. Сондай-ақ Полиева Айсун, Соколова Анастасия, Литвинова Валерия, Рахимова Карина, Рожина Анжелика Наурыз тақырыбында өлеңдер оқып, кештің мазмұнын байыта түсті.
Байдуллаева Айсун «Наурыз мерекесіне қатысты қызықты 10 дерек» атты презентация ұсынып, көрермендердің қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, шетел филологиясы мамандығының студенттері «Сырға салу» дәстүрін сахналық көрініс ретінде көрсетті.
Кеш барысында қазақтың ұлттық ойындары да ұйымдастырылды. Студенттер асық атып, тоғызқұмалақ ойнап, арқан тартыс пен қол күрестен сайысқа түсті.
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші, Сериков Ислам, Аитов Бекасыл, Абдуллов Тахир, Авлатаров Шахридин бата беріп, кештің рухани мәнін арттыра түсті.
Кеш викториналық ойындармен жалғасты. Тәңірбергенова Алима студенттерге танымдық сұрақтар қойып, олардың қызығушылығын оятты.
Іс-шара соңында студенттер ұлттық тағамдардан дәм татты. Жалпы, мерекелік кеш мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары әрі қызықты өтті.
.png)






















