2026 жылдың 8 сәуірінде БҒ-та (820 ауд.) ф.ғ.д., профессор Ә. Б. Наурзбаеваның қатысуымен «Мәдениеттану ғылымдарындағы «Лингвистикалық бет бұрыс»тақырыбында дәріс өтті.

Профессор XX ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардағы түбегейлі өзгеріс – сананы зерттеуден тілді ойлау мен мәдениеттің негізі ретінде қарастыруға ауысу мәселелерін талқылады. Дәріс барысында классикалық философияның дағдарысы, «объективті шындықтан» бас тарту және интерпретацияға деген қызығушылықтың артуы сияқты тарихи алғышарттарға талдау жасалды. Сонымен қатар Г. Гегель, И. Кант, Ф. де Соссюр, Л. Витгенштейн, М. Фуко және Жак Дерриданың идеялары, сондай-ақ структурализм, постструктурализм және деконструктивизм бағыттары қарастырылды.
![]() |
![]() |


.png)






















