Адиля Абдурахманова халықаралық конкурста 1 орын жүлдегері атанды

«Туризм» мамандығының 4 курс студенті, Адиля Абдурахманова, Марианна Мюллер атындағы халықаралық конкурста 1 орын жүлдегері атанды. Бұл конкурс жыл сайын EURHODIP халықаралық конференциясы аясында өтеді, биыл 13 мен 16 қазан аралығында Ереван қаласы Арменияда өтті.

Біздің университет осы бірлестіктің мүшесі болып табылады және «Туризм» , «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығы студенттері жыл сайын студенттік жобалар конкурсына қатысады. Бұрын, Алимбекова Ақнұр, Каюмова Камила, Кусаинова Айнұр 1-ші және 2-ші орындар алып, дипломдар мен медальдармен марапатталған.

Печать