2026 жылғы 13–23 сәуір аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті базасында Лингвистика және инновациялық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен Орыс тілі фестивалі өтуде.
Фестиваль аясында көрнекті кеңестік ғалым-лингвист, лексикограф Сергей Иванович Ожегов шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды. Көрмені университет кітапханасының қызметкерлері, соның ішінде М. Копыленко атындағы Ғылыми зал ұжымы дайындады.
С.И. Ожегов ең алдымен жиырмадан астам рет қайта басылып шыққан бір томдық Орыс тілінің сөздігі еңбегімен, сондай-ақ лексикология, лексикография, сөйлеу мәдениеті жөніндегі көптеген зерттеулерімен танымал.
С. Ожегов шығармашылығына берілген қанатты бағалар өте көп:
сөздік адам; бір сәтте бүкіл елдің үстел кітабына айналған еңбектің авторы; сөздікті бұқаралық мәдениет кітабына айналдырған тұлға; ХХ ғасырдың басты сөздігін жасап, орыс тілін әркімге жақын әрі түсінікті еткен адам; сөз мәдениетіне жол көрсетуші. Михаил Кронгауз пікірінше, бұл – кеңестік кезеңдегі тіл байлығының бір көрінісін бір томға сыйғызған жалғыз түсіндірме сөздік. Ожегов мәңгі жасайтын мұра қалдырды.
Көрмені қазақ бөлімінің 1-курсынан түрлі мамандықта білім алатын 100-ге жуық студент тамашалады: педагогика факультеті, шығыстану факультеті, ФММК, аударма факультеті студенттері.
.png)






















