2026 жылғы 13–17 сәуір аралығында «ОРЫС ТІЛІ – ПОЭЗИЯ ТІЛІ» атты Орыс тілі фестивалі аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың Лингвистика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы француз жазушысы, ақыны Антуан де Сент-Экзюперидің туғанына 125 жыл толуына орай «Кішкентай ханзада» шығармасы бойынша анимациялық жұмыстар конкурсын өткізді.

Іс-шараға жауапты – кафедра доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ибадильдина З.Х.
Конкурстың мақсаты – студенттердің көркем шығармалар образдарын жасанды интеллект көмегімен интерпретациялау негізінде олардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыру, креативтілігі мен ойлау ерекшелігін дамыту.
Конкурсқа қазақ бөлімдерінің 1-курс студенттері қатысты. Анимациялық жұмыстар жасанды интеллектті қолдана отырып (FlipaClip, Remini және т.б.) компьютерлік бағдарламаларда әзірленіп, Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармасынан алынған үзінді бойынша авторлық дыбыстық сүйемелдеумен ұсынылды.
Анимациялық жұмыстарды бағалау барысында қазылар алқасы келесі критерийлерді ескерді: ұсынылған бейнероликтің түпнұсқалығы, композициялық құрылымы, мазмұндылығы, шығарманы білу деңгейі, сюжеттің логикалық құрылуы, көркемдік және бейнелілік, сөйлеу сауаттылығы, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарының техникалық күрделілігі. Конкурстық жұмыстың жалпы ұзақтығы 1–1,5 минуттан аспауы тиіс болды.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
I орын – Жеткерген Жамиля (ПФИЯ 102), жетекшісі Баяндина С.Ж.
II орын – Тулкунов Мухамед, Тұржан Нұрсейіт (ПФИЯ 109), жетекшісі Кабдулова К.Л.;
Улан Маржан (ФМО МБ-МО-104), жетекшісі Елеусизова Г.
III орын – Мусан Жания (ФММК МИМ 102), жетекшісі Абжанова Д.А.;
Мусирова Меруерт, Тұрдықұл Аниса (ПФИЯ 103), жетекшісі Тойшибаева Г.К.;
Айткалиев Мади, Төлендиев Нұрмансур (ФМО 102), жетекшісі Шилибаева А.С.
«Үздік техникалық шешім үшін» номинациясы бойынша Исмаил Малика мен Кайратова Амина (ФПИФ 114), жетекшісі Сапарбаева А.М. дипломмен марапатталды.
Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2026 жылғы 21 сәуірде Тілдер фестивалінің жабылу салтанатында өтті.
Конкурс ұйымдастырушылары бұл іс-шараның полилингвалды әрі шығармашыл тұлғаны тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол студенттердің қиялын, көркемдік талғамын, ақпаратты қабылдау мәдениетін дамытуға, графикалық редакторлар арқылы Антуан де Сент-Экзюпери шығармаларымен танысу негізінде визуалды ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қатысушылардың пікірінше, бұл конкурс студенттердің шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін арттырып, көркем шығармашылық пен бағдарламалауға деген қызығушылығын күшейтеді.
.png)






















