2026 жылдың 23 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан ғылым қызметкерлер күніне орай және университеттің 85 жылдық мерейтойына арналған «Тілдік білім берудегі дәстүрлер мен жаңалықтар» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында келесі ғылыми бағыттағы мәселелер талқыланды:
1 ҚазХҚжӘТУ ғалымдарының Қазақстанның ғылымы мен білім беру дамуына қосқан ғылыми үлесі
2 Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың ғылыми зерттеу аспектілері.
3 Тіл білімінің, аударматанудың және шетел тілдерін оқыту әдістемесінің заманауи мәселелері
4 Цифрлық қоғам және интеллектуалды технологиялар контекстіндегі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар.
Дөңгелек үстелдің модераторы п.ғ.д., профессор Күлгілдинова Төлебике Әлімжанқызы болды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты шеттілдік филология мен шетел тілін оқытудың әдістемесіне зор үлесін қосқан ҚазХҚжӘТУ ғалымдарының еңбегі туралы жариялау: Копыленко М.М., Карлинский А.Е., Козлов П.Г. және т.б. Бұл жарқын тұлғалардың ғылыми ізденістері туралы баяндамалар жасаған:
- Қазақстан ғалымдары: Күлгілдинова Төлебике Әлімжанқызы, п.ғ.д., профессор; Шевякова Татьяна Васильевна, ф.ғ.д., профессор; Загидуллина Алия Адамбековна, ф.ғ.д., профессор; Кузнецова Тамара Даниловна, пс.ғ.к., профессор; Кунакова Клара Өмірзаққызы, п.ғ.д., профессор; Алпысбаева Саулет Тасыбекқызы, ф.ғ.м., аға оқытушы;
- шетелдік ғалымдары: Степанов Евгений Николаевич, ф.ғ.д., профессор, Хунань педагогикалық университеті, Чанша қ., Қытай; Лазариди Милана Исааковна, ф.ғ.д., профессор, Б.Н. Ельцин атындағы Кыргыз-Ресей университеті, Бішкек қ., Кыргызстан.
Жиынға қатысқан университет ардагерлері — филология ғылымдарының докторы, профессор Рсалды Құсайын Тынысбайұлы, Зүлжамал Нұрғазиқызы Даленова, филология ғылымдарының докторы, профессор Мақпиров Велинур Ұйғырұлы - есіне алған қызықты сәттерден ғалымдардың аға буынының ғылыми қызығушылықтары арқылы нағыз академиялық ортаны құрған және онда ғылыми идеялармен қарқынды алмасуы орын алған.
Халықаралық дөңгелек үстелде Қазақстанның әртүрлі университеттерінің оқытушылары, докторанттары мен магистранттарының баяндамалары тыңдалды. Дөңгелек үстелді ұйымдастыруға ф.ғ.д., профессор Баяндина С.Ж. басшылығымен лингвистика және ақпарат-коммуникациялық технологиялар кафедрасы белсене қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар университеттің даңқын асқатқан ғалымдарға көрсеткен ізетіне және ғылыми пікірталас барысында жаңа ғылыми идеялармен байытып, пікірлесу мүмкіндігі үшін университет басшылығына алғысын білдірді.
Кунакова К.У., п.ғ.д., профессор
лингвистики және АКТ кафедрасы
.png)






















