2026 жылғы 28 сәуір күні сағат 11:00-де 2026 жылғы бітіруші курс студенттері үшін ҚР ҒЖБМ «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен Microsoft Teams платформасында онлайн кездесу өтті. Іс-шара барысында спикер — Сарсембаева Гульнар Майдановна — мемлекеттік білім беру гранты бойынша міндетті өтеу мәселелерін жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында мемлекеттік қаржыландыру есебінен білім алған түлектердің міндеттемелерін орындауды реттейтін қолданыстағы заңнама нормалары қарастырылды. Магистратураға түсу арқылы міндетті өтеуден босату тәртібіне қатысты жаңашыл өзгерістерге ерекше назар аударылды: бастапқы кезеңде тек кейінге қалдыру берілетіні, ал толық босату мүмкіндігі оқу аяқталғаннан кейін қарастырылатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, міндетті өтеуден босату тек Қазақстан Республикасының аумағында магистратураны толық аяқтаған жағдайда ғана мүмкін екендігі атап өтілді. ҚР ҒЖБМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның осы міндеттемелердің орындалуын бақылау және қадағалау функциялары да көрсетілді.
Кездесу соңында студенттер еңбекке орналасу тәртібі, өтеу мерзімдері мен шарттары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Спикер мемлекеттік міндеттемелерді адал орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Онлайн кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік білім беру гранты бойынша міндеттемелерді орындау мәселелерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.
.png)






















