Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, PhD, қауымдастырылған профессор Сембаева Жансая Сембайқызы Erasmus+ KA107 Staff Mobility for Teaching бағдарламасы аясында Венгриядағы Kodolányi János University университетінде академиялық ұтқырлықтан өтті.

Сапар барысында халықаралық қатынастардың өзекті мәселелеріне арналған дәрістер оқылды. Атап айтқанда, Орталық Азиядағы аймақтық үдерістер, Қазақстанның сыртқы саясаты, орнықты даму және Еуропалық одақпен ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.
Сонымен қатар, қабылдаушы университеттің оқытушыларымен кездесулер өткізіліп, болашақтағы академиялық және ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Бағдарламаға қатысу халықаралық байланыстарды нығайтуға, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, кәсіби тәжірибе алмасуға және мәдениетаралық академиялық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етті.
.png)






















