2026 жылғы 28 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында білім беру бағдарламалары топтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өткізілді.
Аталған олимпиада аясында келесі білім беру бағдарламасы бойынша сайыс ұйымдастырылды:
6В02301 – Аударма ісі: қытай тілі (қазақ бөлімі)
Университетіміздің Шығыстану факультетінің «6В02301 – Аударма ісі – шығыс тілдері» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттері олимпиаданың финалына өтіп, төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
![]() |
![]() |
Ержанов Рауан Ержанович (4 курс) – II орын
Аман Аружан (4 курс) – III орын
Отарбай Аяжан Мұратқызы (3 курс) – III орын
Сағат Аяулым Болатжанқызы (3 курс) – III орын
![]() |
![]() |
Университетіміздің абыройын лайықты қорғаған студенттер мен ғылыми жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда және кәсіби жолда толағай табыстар тілейміз!




.png)






















