2026 жылғы 4 мамырда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың «Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес» факультетінің «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін «Халықаралық экономикалық қатынастар» пәні аясында «Бизнестің халықаралық сауданың жаңа жағдайларына бейімделуі» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Сабит Нарбаев (MBA, CMS), «Dolce» ЖШС экспорт жөніндегі директоры, сыртқы экономикалық қызмет саласының сарапшысы:
• экспорт агенттіктерінде және экспортты дамыту бойынша халықаралық жобаларда 9 жылдан астам тәжірибе
• АҚШ, Корея және Малайзияның экспортты дамыту агенттіктерінде тағылымдамадан өткен
• Экспорт институтының сертификаты (Ұлыбритания)
• диссертация тақырыбы: Компанияның халықаралық нарықтарға шығу стратегиясы

Дәріс барысында студенттер халықаралық сауданың заманауи үрдістері, компаниялардың шетел нарықтарына шығу ерекшеліктері және экспортты мемлекеттік қолдау тетіктері туралы тәжірибеге бағытталған білім алды.
Кездесу аясында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
- бизнестің жаһандық саудадағы өзгерістерге бейімделуі;
- халықаралық нарықтарға шығу;
- экспортты мемлекеттік қолдау құралдары.

Осындай кездесулер студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және білім беру мен бизнес ортасының байланысын нығайтуға ықпал етеді.
Қонақ дәрісті ұйымдастырушы: экономика ғылымдарының кандидаты, «Халықаралық бизнес» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Читанова Сандугаш Оксикбаевна.
.png)






















