01.05.2026 жылы білім беру саласындағы маңызды әрі ірі іс-шаралардың бірі – «Uzdik Ustaz Mega Forum – 2026» өтті. Еліміздің ұстаздары мен білім беру саласының түкпір-түкпірінен жиналған сарапшылары үшін бұл жиын нағыз «Тәжірибе алмасу және кәсіби даму алаңына» айналды.

Аталмыш ауқымды форумға біздің Аблайхан ат. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті атынан Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті, «Халықаралық бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.м., Кишибаева Ботагөз Сакеновна арнайы қатысып қайтты.
Форум аясында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, оқытудың заманауи инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар үздік тәжірибелермен бөлісіп, білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа идеялармен танысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша әріптесіміз Кишибаева Ботагөз Сакеновна кәсіби біліктілігін арттырғанын растайтын арнайы сертификатқа ие болды. Бұл қадам – оқытушымыздың жеке кәсіби ізденісі ғана емес, сонымен қатар университетіміздің білім беру үрдісіне жаңашылдықтарды енгізуге деген ұмтылысының көрінісі.
Әріптесімізді осы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы ұстаздық қызметінде толағай табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз!
.png)






















