21 мамыр күні Ablai Khan University-де студенттердің «Отбасы банк» АҚ өкілімен «Ұлттық қор — балаларға» тақырыбында кездесуі өтті.
Іс-шараға 2006, 2007 және 2008 жылы туған шамамен 400 студент қатысты. Кездесу аясында білім алушылар Қазақстанның болашақ ұрпағын қолдауға және жастардың қаржылық капиталын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік бастаманың жүзеге асырылуы туралы жан-жақты ақпарат алды.

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы Қазақстанда 2024 жылдан бастап жүзеге асырылуда және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ын 2006 жылы және одан кейін туған ҚР азаматтары — балалардың арнайы жинақ шоттарына жыл сайын аударуды көздейді. Жинақталған қаражатты жас азаматтар 18 жасқа толғаннан кейін білім алуға ақы төлеуге немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады.
Кездесудің спикері ретінде «Отбасы банк» АҚ Бизнесті дамыту басқармасының жобалық менеджері Рымтаев Ақболат Қайырұлы сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол бағдарламаның жұмыс істеу тетігі, есептелген қаражатты тексеру тәсілдері, жинақты пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтып, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында жастардың қаржылық сауаттылығы, ұзақ мерзімді жоспарлау және өскелең ұрпақты қолдаудағы мемлекеттік әлеуметтік бастамалардың рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, тақырыпқа жоғары қызығушылық танытты және «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасының негізгі аспектілері бойынша түсіндірмелер алды.
Осындай кездесулер студенттерге мемлекеттік бағдарламалар мен жастарды қолдау шаралары туралы уақтылы ақпарат алып қана қоймай, қаржылық жоспарлаудың және болашақ үшін жеке жауапкершіліктің маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Көптеген қатысушылар үшін бұл бағдарлама болашақта білім алу, кәсіби мақсаттарды жүзеге асыру және тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
.png)






















